«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.»
Мағжан Жұмабаев.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі! Балалар, дұрыс тамақтану – мықты денсаулық пен жақсы көңіл-күйдің негізі. Тамақтану рационыңда пайдалы тағамдар болуы керек:
✅ Көкөністер мен жемістер – дәрумендердің көзі.
✅ Сүт өнімдері – сүйектерді нығайтады.
✅ Ет, балық, жұмыртқа – күш пен энергия береді.
✅ Жармалар мен нан өнімдері – ағзаға қажетті көмірсулар көзі.
✅ Су – ең маңызды нәрсе, күн сайын кемінде 6-8 стакан су ішу керек.
❌ Газды сусындар, чипсы, фастфуд – денсаулыққа зиянды! Денің сау, күшті болғың келсе – дұрыс тамақтануды әдетке айналдыр!