«№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылында «Қамқорлық» айлығы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы ақпарлама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «24» сәуіріндегі №158 бұйрығына 10–қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты басшылыққа ала отырып, 2022-2023 оқу жылына арналған әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары жасақталды.
Оқу жылының басынан аз қамтылған отбасынан стандартқа сай құжаттары қабылдануда.
2022-2023 оқу жылында 1694 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 232 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған -5 оқушы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынын шыққан –10 оқушы, жан басына шаққанда күн көрісі отбасынан шыққан - 205 оқушы, (56.977 тг әр квартал сайын өзгеріп тұрады), өзге де санатқа жататын отбасынан шыққан- 12 оқушы және 1 сыныптың 170 оқушысы ыстық тамақпен қамтылуда. Жалпы ыстық тамақпен 402 оқушы қамтылып отыр. Өткен жылға қарағанда тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған балалардың саны 105 оқушыға артып отыр.
Балаларды тамақтандыру сапасына айына 2 рет бракераж комиссияның мүшелері асхана мониторинг жүргізеді.
Денсаулығында ахау бар балаларды анықтау мақсатында мектеп медбикесінен анықтап,сынып жетекшілерімен ары қарай жұмыс барысы жүргізілді.
Мектеп психологы А.Изимовамен ата-аналармен жоспарға сай бірлескен жиналыс өткізіліп,пайдалы ұсыныстар берілді.
Ерекше білім қажет ететін оқушылардың үй-тұрмыс жағдайын анықтап, логопед Г.Куанмен жасалатын жұмыстар туралы ақпарат алынды.
Жылдың басында бас нұсқаушы Х.Ізденқызымен аз қамтылған оқушыларды үйірмеге тарту мақсатында мектептегі жүріп тұрған үйірме туралы ақпарат алып сынып жетекшілерге нұсқаулар берілді.
Облыстық Жаңа жылдық шыршаға 3 оқушы, аудандық шыршаға 14 оқушы қатысып 100 мың теңге қаржылай(банкомат), тәтті сыйлықтар,ертегі кітап және ойыншықпен қамтылды.
Жалпы 2019 жылға дейін 11 қаңтар -11 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтіп келді. Елімізде болған пандемиядан кейін бұл акция жыл бойы өтеді.
Акция барысында облыстық мәслихат депутаты Салманов Ахмет Өтегенұлы 30 оқушыға сөмке оқу құралдарымен табыс етті. Шамамен 300 мың көлемінде. Дәулет БМСКО меңгерушісі Роза Қайыркуловна аз қамтылған балаларға 30 мың теңге ақшалай, жеке кәсіпкер Саидов Тимур 3 оқушыға ер баланың көйлегін 30 мың теңге көлемінде берді.
Мектебіміздің аз қамтылған 100 1 сынып оқушыларына «Самұрық Қазына» фирмасы сөмке оқу құралдарымен табыс етті.
Мектеп директоры Д.Кулмеханова 7 отбасына, О.Бекенов 7 отбасына азық-түлік, көркем еңбек пәні мұғалімі Абдырахманов Өмірбек бір оқушыға 25мың теңге қаржылай, бастауыш сынып мұғалімі М.Бұйраева мектебіміздің ата-анасының қамқорлығынсыз 4 оқушыға 100 мың және әкесі қайтыс болған 3 оқушыға 100 мың теңге ақшалай берді.Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі М.Серікбаева (жартылай жетім) бір оқушыға крассовка, Ш.Абыханова екі оқушыны мектеп формасымен қамтыды.
Наурыз айында дінтану пәні мұғалімі Т.Тасболатова 2 оқушыға етік (20 мың),химия пәні мұғалімі Конурбаева Қалимаш апай 1 оқушыға жиде,шалбар (15 мың),орыс тілі пәні мұғалімі Исанова Жұлдызай 1 оқушыға 5000 тг қаржылай берді,тарих пәні мұғалімі А.Отарбекова 7 отбасына 54 мың көлемінде азық-түлік және ауыл тұрғыны мектептің түлектері А.Нурбаева 4 оқушыға 40 мың теңге көлемінде азық түлікпен, Жарху Нұрлан 4 ер балаға мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар кіші қызметкерлер мектебіздің бастауыш сынып оқушысына15 мың теңге көлемінде тұратын қыстық аяқ киім сыйлады.
Одан басқа жеке кәсіпкер Саидов Тимур 7 ұл балаға ақ көйлек (56 мың), ата-ана 3 оқушыны азық түлік (21 мың), Нурбаева Алмагүл 3 оқушыны, жеке кәсіпкер Тастайбекова Айнұр 7 отбасын (60 мың) азық түлікпен қамтыды.
Наурыз айында Алғыс айту күніне орай Мұнайлы аудандық №11ЖББМ-КММ-де ата-ана қамқорығынсыз қалған балаларға акциясы өтіп 8ә сыныпта оқитын Нурланова Жансая қатысты. Акция барысында балаларға және қамқоршыларына шағын концерт өтіп, қаржылай көмек көрсетілді.Сонымен қатар Ерекше білім қажет ететін балаларға«№14ЖББМ»КММ-де семинар өтті. Біздің мектептен 5 сынып оқушысы Ғайни Мирас қатысты.
Семинарда балаларға мектептің логопед, психолог мамандары балармен түрлі жаттығулар өткізді. Дене пәні мұғалімдері эстафета ойынын уйымдастырды.Соңында балаларға түскі ас және Балалар сауықтыру орталығына сертификат табысталды.
Ораза айында орыс тілі пәні мұғалімі Исанова Жұлдызай бір оқушыға 5мың теңге қаржылай. МАД 0 «в» тобының ата аналары Ауғанстаннан қоныс аударып келген Расули отбасына 27 мың теңге көлемінде азық түлік және мектеп формасы, 7-8 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Н.Достанова, Д.Түгелбаева, Ж.Акимова, А.Шалқарова, Г.Куан, Г.Нағашбаева облыстық қарттар үйіне концерттік бағдарламасымен, азық-түлікпен, және аз қамтылған, мүжәлсіз отбасыларының үйлеріне барып сенбілік жасап азық түлікпен қамтамасыз етті. (9 отбасы, 200 мың тг).Барлық қамтылғаны 287
Әлеуметтік педагог Ш.Абыханова